Солтүстік Кореяға ең қатаң санкция салынуы мүмкін

Солтүстік Кореяның мұның алдындағы ядролық сынақтарының бәрі осы жерде жасалған.

Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымыранға қондыруға болатын сутегі бомбасы сыналғанын және сынақ кезінде қоршаған ортаған қандай да бір залал болмағанын мәлімдеді.

«Ауқымды әскери жауап»

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл мәселеге байланысты төтенше отырыс өткізеді. Оны өткізуге АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония және Оңтүстік Корея өтініш жасаған.

Вашингтон АҚШ пен оның территорияларына және одақтастары территориясына КХДР-ден қатер төнген жағдайды «ауқымды әскери жауап» беретінін мәлімдеді.

Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілік мүшелерімен кездесуде Солтүстік Кореяға әскери жауап берудің варианттарын талқылаған. Журналистердің АҚШ Солтүстік Кореяға шабуыл жасауды жоспарлап отыр ма деген сұрағына президент Дональд Трамп «Көреміз» деп жауап берді.

Солтүстік Кореяға қандай санкция салынбақ?

ВВС қорғаныс және дипломатия мәселелері жөніндегі тілшісі Джонатан Маркус ең ірі ядролық сынақ арқылы Пхеньянның айқын саяси белгі беріп отырғанын айтады.

Вашингтон қорқытуға тырысып, бүкіл әлем айыптағанына қарамастан Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тоқтату немесе тежеу ниеті жоқ. Санкция, оқшаулау, әскери қысым сияқты әрекеттер Пхеньянға ешқандай да ықпал етпеді. Баса назар аударатын нәрсе, ол ядролық бағдарламасын сарапшылар ойлағаннан да тез дамытып келеді.

— Әлі де бір нәрсе жасауға бола ма? Болады. Ең қатаң экономикалық санкциялар салынса, Солтүстік Корея режимінің қол-аяғы байланып, ел апатқа ұшырауы мүмкін. Бірақ бұл жоспарды Қытай қолдағысы келмейді, — дейді Джонатан Маркус.

Ең алғаш ядролық қаруды КХДР 2006 жылы сынады. Ол кезде қуаты төмен болғандықтан эксперттер оның ядролық жарылыс болғанына күмәнмен қараған болатын.

Одан кейін Солтүстік Корея тағы төрт ядролық сынақ жасады. Оның барлығы әлемдік қауымдастық тарапынан айыпталып, Пхеньянға бірқатар санкциялар салынды.

ДереккөзBaq.kz