Ауа райы: алдағы үш тәулікте күн жылынады

Соңғы күндері елімізде ауа температурасы күрт төмендеп кетті. Енді тропосферлік ауа ағындары батысқа ауысып, Атлантика аймағынан бірқалыпты жылы ауа массалары келеді. Осыған байланысты Қазақстанда күн жылынады деп күтілуде.

Тек солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қатқақ сақталады.

15-16 қыркүйек күндері көптеген облыстарда ауа температурасы +20-28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 26-31 дейін жоғарылайды.

Алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтілмейді. Тек 14 қыркүйекте Қазақстанның батысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр болуы мүмкін.