Қазақстанның ауыр атлеттері Әлем чемпионатынан неге шеттетілді?

Ауыр атлетика бойынша Қытай мен Ресей де әлем чемпионатына қатыспайды. Аталған елдердің спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп жүргендердің қатарынан. Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия да әлем чемпионатына қатыспайтын елдердің қатарында.

Аталған елдердің бәрі бір жылға жарыстардан шеттетіліп отыр.

Соңғы уақытта Қазақстанның бірнеше ауыр атлеті допингпен ұсталып олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған болатын.

Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедовалар бар.

ДереккөзProsports.kz