7 қыркүйек: кей жерлерде жауын жауады

Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с-ке жетіп, Қостанай, Ақтөбе облыстарында бұршақ жауы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтілуде.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.