31 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Ауа ағындарының өтуіне байланысты солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, басқа өңірлер жауын-шашынсыз болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарында қатты ыстық болады.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.