25 тамыз: Қазақстанда күн ашық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің батысында өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік және шығыс аумақта түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, жауын жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында қатты жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.

Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.