Астанада сағат 18:00-ден бастап бірнеше көше жабылады

Алаңда «Астана» мен польшалық «Легия» футбол құрамалары кездеседі.

Сағат кешкі 18.00-ден бастап Қабанбай батыр, Тұран даңғылдарында, Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта көліктердің жүруіне тыйым салынады. Қозғалыс шара аяқталғанға дейін шектеледі. Аталған көшелерді Мәңгілік ел даңғылы, Түркістан, Ақмешіт көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Айта кетейік, стадионға дейін № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506 автобустары арқылы барып, № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктері арқылы қайтып келуге болады.

Сондай-ақ, жанкүйерлерді тасымалдайтын арнайы автобустар шығады. Олар «Қазақстан» СК мен «Нұр Астана» мешіті, цирк пен «Жастар» сарайының алдында күтеді. Бағасы — 90 теңге.