Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы, күз, алматы, коронавирус, серуен, сәби
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеп барады

Қазақстанда бала туу көрсеткіші шамамен 25% төмендеген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген Ranking.kz мәліметінше, биыл отбасылардағы балалардың орташа саны 1-ге дейін азайып, кейінгі төрт жылда туу көрсеткіші шамамен 25% төмендеген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бірнеше жыл бойы отбасылардағы балалардың орташа саны 1,1 деңгейінде сақталып келген. Алайда биыл бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеген.

Ең жоғары көрсеткіш халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде тіркелген. Атап айтқанда:

  • Түркістан облысы – 2,1;
  • Қызылорда облысы – 1,7;
  • Жамбыл облысы – 1,4;
  • Шымкент қаласы – 1,2.

Ал ірі қалаларда жағдай керісінше. Алматыда отбасылардағы балалардың орташа саны 0,6, Астанада – 0,8. Ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында – 0,5 болған.

Сараптама бойынша, Қазақстанның 20 өңірінің 14-інде биыл бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.

Мамандар бала санының азаюын әлеуметтік және экономикалық факторлармен байланыстырады. Соның ішінде әйелдердің аз бала туу туралы шешім қабылдауы негізгі себептердің бірі ретінде аталады. Бұл үрдіс елімізде төртінші жыл қатарынан байқалып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok