Түркістан қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болады

Мәдени астана туралы шешім ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесінде қабылданды. 2016 жылы Шеки қаласы түркі әлеменің мәдени астанасы болған болатын.

«Шеки қаласы 2016 жыл бойына бүкіл түркі әлемінің мәдениет қайраткерлерін жоғары деңгейде қарсы алды. Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің арқасында Әзербайжанның осынау тарихи қаласы өзін әлемге паш етті. Бүгінгі шарада Қазақстанның Түркістан қаласы түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып сайланды»,-деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Айта кетейік, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) түркі халықтары арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, баурластық байланыстарды нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті өскелең ұрпаққа жеткізіп оны насихаттау бағытында 20 жылдан астам уақыттан бері тиімді жұмыстар атқарып келе жатыр. Ұйымының ең сәтті жобаларының бірі — 2012 жылдан бастап, түркі әлемінің мәдени астаналарын сайлау болып табылады.

ДереккөзҚазАқпарат