21 шілде: жаңбыр жауады

21 шілде күні Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Қарағандының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Астана қаласында көшпелі бұлт болып, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +26+28°С көрсетеді.

Бүгін Алматыда да көшпелі бұлт болады. Жаңбыр жаумайды. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.