Алматыда түнгі велошеру өтеді

Әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында 20:30-да жиналып, лотореяның нөмірлері таратылады. Ал 21:00-де велошеру қатысушылары Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, тұңғыш Президенті саябағына 9 шақырым қашықтықты бағындырады.

Шараға қатысушылар міндетті түрде арнайы бас киім киюге міндетті.

Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сый — велосипед.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болмақ.

Велошеру маршруты
©Ақпарат және спорттық хаб