Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді

БҚО күндері аясында Астананың тұрғындары мен қонақтары облыс ұжымдарының үздік жұмыстарымен танысып, Жайық өңірі әртістерінің қойылымын, мұражайлардың жаңа қызықты экпозицияларын тамашалай алады. Бес күнге созылатын мәдени шаралардың бағдарламасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қойылымымен «Троя арулары» спектаклі және Ф.Буляковтың «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясы көрсетіледі. Спектакль Қ.Қуанышбаев атындағы театрда өтеді.

А.Островский атындағы театры Астананың М.Горький атындағы театрында Жан Батист Мольердің «Лекарь поневоле» спектаклін және А.Н.Островскийдің «Последняя жертва» драмасын, сонымен бірге У.Шекспирдің «Двенадцатая ночь» спектаклінің қойылымы сомдайтын болады.

Астанадағы этноауыл алаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өз экспонаттарымен таныстырады.

ЭКСПО-2017 тақырыбымен «ЭКСПО-2017–әлем көрмесіне саяхат» сәндік қолданбалы қолөнер шеберлері мен Жайық өңірі суретшілерінің көрмесі ұйқас келеді.

Дәстүрлі түрде Астана қаласында батысқазақстандық әртістердің 1 тамыз күні Бәйтерек монументінің алаңында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті назарларыңызға ұсынылмақ.

2 тамыз күні «Казмедиа орталығының» сахнасында Орал қаласы өнер ұжымдарының концерті ұйымдастырылып, ал конгресс-холлда астаналықтар облыстық эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертін тамашалай алады.

Онымен қоса, халық назарына этноауылдағы этнофольклорлық ұжымдардың, «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Назерке» халық би ансамблінің концерттері сөзсіз ілігері анық.

3-4 тамыз күндері Астана ипподромында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату және т.б. ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 алаңында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени саласындағы жетістіктері таныстырылып, бизнес өкілдерімен кездесу барысында іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында келісімшарттарға қол қою жоспарлануда.

4 тамыз күні ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда Жайық өңірінің шығармашылық ұжымдарының үлкен концертінде Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, мәдениет саласының майталманы Біржан Хасанғалиев, «Әзіл әлемі» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов және әнші Дәурен Сейтжанов өнер көрсететін болады.