Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 шілде күні Ақмола облысында найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр болады.

Ертең елордамыз Астана қаласында да найзағай, бұршақ болады. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Кеше Шығыс Қазақстанда да дауыл тұрып, Өскеменнің үш ауданында ағаштар құлап, көліктерге зақым келген. Синоптиктер желдің жылдамдығы 20 м\с болады деп болжағанымен, желдің күші секундына 34 метрге дейін жеткен.