Жол ережесіне қатысты хаттамалар электронды түрде толтырылады

Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының хабарлауынша, жоба әкімшілік іс материалдарын сақтауға арналған. Ол қағаз нұсқасын толығымен алмастырады және жоғары деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп күтілуде. Онда әкімшілік өндірісті қозғаудан бастап әкімшілік өндіріп алуды орындауға дейін, барлық салынған үкімнің шектеулерін алып тастау, оның ішінде алынған куәләндірудің барлық мәліметтерін тіркеуге мүмкіндік беретін фото, аудио және бейне, сонымен қатар өзге де файлдар мен бағдарламалық мәліметтер тіркеледі.

Енді жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін хаттама толтыруға адамның ЖИН-і жеткілікті, қалғанын жүйе өзі шығарады.

«Біз айыппұлдарды төлеу және хаттамаларды толтыру барысында бюрократиялық процедуралар шетке ысырылып ашықтық артады және тұрғындарға аз қатынауға мүмкіндік жасалады деп сенеміз. Бұл жобаны планшеттермен және термопринтерлермен толық қамтамасыз етеміз», — деді қала әкімі Әсет Исекешев.

Бүгінгі күнен бастап 50 планшет және 50 терминал жұмыс істейді. Ал жобаны республика көлемінде іске асыру үшін 2971 планшет қажет. Бұл міндет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешіледі.