Әсет Исекешевке арнайы медаль табысталды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблесының XXV сессиясы өтіп жатыр. Сессия жұмысына ТМД атқарушы комитеті Халықаралық қалалар ассоциациясына мүше  28 қаланың жүзге жуық өкілдері, 5 халықаралық бірлестік, 7 ғылыми және сараптау ұйымының өкілдері қатысуда.

Маңызды жиында «ТМД экономикалық дамуы іскерлік кеңесі» директоры Владимир Савченко Әсет Исекешевке және Халықаралық қалалар ассамблеясының президентіне арнайы медаль тапсырды.

«Іскерлік кеңесі мен ТМД басшылығы атынан Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке және Халықаралық қалалар ассамблеясының президенті Ирек Ялаловқа «Тәуелсіз мемлекеттер достағынына 25 жыл» атты медальды тапсырып, оларды құттықтаймын», — деді Владимир Савченко .

ТМД-дағы қалалардың халықаралық ассоциациясы – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру үшін 1998 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған болатын.

Еліміздің Астана қаласы аталмыш ұйымға  2004 жылы 17 тамызда кірді. Елордада аталған ұйымның сессиялары 2001, 2005 және 2008 жылдары өткізілген болатын. Биыл халықаралық жиын Астанада төртінші рет өткізіліп отыр.

ДереккөзBaq.kz