13 шілде: жауын-шашын болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетіп, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болады.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да жел күшейіп, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді, күндіз бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы мен Қызылордада күндіз 15-20 м/с жел соғып, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, кей жерлерде Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.