Басты бет / Жаңалықтар /
Джибути Республикасы
Фото: expo2017astana.com

«ЭКСПО-2017» көрмесінде Джибути Республикасының Ұлттық күні өтті

Джибути Республикасының Ұлттық павильонына кірген адам ежелгі салт-дәстүрлер мен болашақтың энергиясына деген жаңаша көзқарасты байқайды.

«ЭКСПО» көрмесі — біз секілді өзге де мемлекеттер үшін өзінің экология, экономика, энергетика салаларындағы мүмкіндігін көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік. Бұл жерде әр елдің мамандары экологиялық мәселелерді талқылап, ғаламдағы көмірқышқыл газының бөлінісін азайту, қосымша энергия көздерін ашу, энергетика тұрақтылығын қамтамасыз ету сынды жаһандық мәселелерге қатысты ойларын алмасып, тәжірибелерін бөлісіп жатыр. Біз «ЭКСПО-2017″ Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысып жатқанымызға қуаныштымыз»,-деді Джибути Республикасының Сауда және туризм министрі Хассан Хумад Ибрахим.

Оның айтуынша, Джибутиде энергия қорын сақтау мәселесіне қатты назар аударылып жатыр екен.

Джибути Республикасы

Джибути елінен келген мамандар туризм саласына, оның ішінде экотуризмге де қатты мән беріп жатқандарын айтады. Себебі, Республика таулы аймақта орналасқан. Туристер ол жақта тау баурайларын аралап, сөнген жанартауларды, гейзерлерді, тұзды суларды тамашалай алады. Сулардағы тұздың көптігі соншалықты, Солтүстік полюсте жүргендей әсер береді. Сондай-ақ, Джибутиде ең танымал — Ассаль көлі бар. Ол Африканың ең төменгі нүктесінде теңіз деңгейінен 153 метр тереңдікте орналасқан.

Көрме қонақтары Джибути Республикасының Ұлттық күнін тойлау барысында олардың салт-дәстүрлері мен төл мәдениеттерін тамашалады.

Африка павильоны

Ал, пресс-конференция кезінде Джибутиден келген делегация мен қазақстандық мемлекеттік орган қызметкерлері, бизнес-бірлестік өкілдері инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз

17 Пікір

  1. Т
    Тараз 9 жыл бұрын
    Сол Джибути сиякты болып калмасак болды
  2. Ж
    Жазира 9 жыл бұрын
    Күнде думан, күнде той Экспо-да. Бір жағынан жақсы, көптеген елдердің мәдениетімен танысып жатырмыз
  3. С
    Сымбат 9 жыл бұрын
    Бұл бір жағынан жақсы, кешке біздің қыдыратын аймағымызға айналды Экспо. Кешке музыка ойнай бастағаннан білеміз
  4. М
    Меру 9 жыл бұрын
    Біздің біраз танымымыз жоғарылады осы Экспо-ның арқасында. Кеше АҚШ күндері өтті. Әр елдің төл мәдениетін көріп жүріп, шетелде жүрген сияқтысың
  5. А
    Аида 9 жыл бұрын
    Ертең Германия елінің күндері бола ма?
  6. А
    Арай 9 жыл бұрын
    маған осындай шаралар қызық өте. Бірақ, осы Джибути күнінен қалып қойдым
  7. А
    Айдана 9 жыл бұрын
    Өз басым мұндай мемлекет барын да білмеппін, ЭКСПОға келіп қуантып жатқанына қуаныштымын.
  8. С
    Сезім 9 жыл бұрын
    Бұл жерге міндетті түрде барамын, өте көңілді өтіп жатқан сыңайлы. Әрі Джибутидің болашақ энергиясын қалай көретіні маған қызық болып тұр.
  9. С
    Самат 9 жыл бұрын
    мен болдым, шара жақсы ұйымдастырылған, лауазымды адамдар келіп қарапайым адамдарша тамашалап жүргеніне тәнті болдым.
  10. Т
    Толқын 9 жыл бұрын
    Африка павильоны өте ауқымды ғой, бірнеше елдің жиынтығы көрсетілген, Джабутидікі ерекше екен.
  11. Ә
    әнел 9 жыл бұрын
    сауда дүңгіршектерінде ерекше заттар көрсетілген, жалпы дүниетанымды арттырып, қызығушылық арттыруға таптырмас шара бұл.
  12. Л
    Лаура 9 жыл бұрын
    ЭКСПО - 2017 көрмесіне бара қалсаңыз түрлі-түсті нәсіл мен мәдениет өкілдерін жиі кездестіресіз. Бұл павильоннан тіпті)
  13. Д
    Дархан 9 жыл бұрын
    Эмоцияларын жасыра алмайтын осы Африкалықтармен тілдескен едім, емен жарқын, қызықты адамдар. Экспоның арқасында түрлі жандарды көріп, таныстық артуда.
  14. Ж
    Жасулан 9 жыл бұрын
    Біздің халыққа жақсы болды, күнде бір елдің салт-дәстүрін көру мүмкіндігіне ие.
  15. К
    Кайсар 9 жыл бұрын
    Сонау Африкадан келіп, өзге елде ұлттық күндерін тойлап жатыр. Қандай күшті.
  16. Д
    Думан 9 жыл бұрын
    ЭКСПО аяқталамын дегенше әлі талай елдің концерттік бағдарламасын тамашалай аламыз.
  17. Г
    Габит 9 жыл бұрын
    Иә, менің әжем де ЭКСПО-га 4 рет барып шықты бүгінгі күнде." Сол елдерд3н өзіне бара алмасам, олар қаламда бәрі жиналғанда неге бармасқа" деп ер3нбей, шаршамай барып жүрген немересін ертіп))