12 шілде: Ауа райы құбылмалы болады

Бүгін республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м\с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші – 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Кызылорда облысында да жел соғып, бұршақ жауады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтілуде.

Күндіз Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.