11 шілде: Ауа райы құбылмалы болады

11 шілде күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Оңтүстік-шығыста, орталық та және шығыс аймақтарда күн ысиды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да