Ақмолалық полиция капитаны Нұрлан Жамалов самбодан Əлем кубогінде үшінші орын алды

Астана қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен жарысқа әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам спортшы қатысып, күш сынасты.

Оның ішінде ақмолалық Нұрлан Жамалов 90 келі салмақта Ресей және Грузия спортшыларына есе жіберіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді.