Бірқатар аймақта жаңбыр жауып, жел күшейеді

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр оңтүстік-батысында күн ашық.

Таңертең еліміздің солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай облысында таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кейбір аудандарында аптап ыстық болады. Күндіз Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.