Бірқатар аймақта жаңбыр жауады

Батыс Сібірдегі циклондарға байланысты суық атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген аймағында ауа райын анықтайтын болады.

Кей аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, желдің екпіні күшейеді деп күтілуде.

Ауа температурасы климаттық нормадан төмен, республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады.

Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей жерлерінде күшті найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел тұруы мүмкін.