Малайзия туристерге арналған салық түрін енгізеді

Қонақүйге тұрақтаған жергілікті және шетелдік тұрғындардың барлығы да салық төлегенде, олардың саяхаттау мақсаты ескерілмейді.

Бес жұлдызды қонақ үйде тұру үшін шекті баға 20 рингит (4,6 доллар), төртжұлдыздыда — 10 рингит (2,3 доллар), үшжұлдыздыда — 5 рингитті (1,2 доллар) құрайды.

Малайзияның Туризм және мәдениет министрі Назри Абдул Азиз егер Малайзия қонақүйлері кем дегенде 620 пайызға толығатын болса, қазынаға мұндай салық түрінен 654 млн рингит ($153 млн) түсім түсетінін алға тартып, туристерге арнайы салық түрін енгізетіндерін айтты.

Дереккөз7kun.kz