31 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болып, түнде және таңертең тұман бақыланады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градус үсік күтіледі.

ДереккөзBaq.kz