Ақмола облысында 4331 түлек мектеп бітірді

Көкшетау қаласындағы Тәуелсіз алаңында ұйымдастырылған осындай шараға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, облыс орталығындағы 11 мектептен жиналған 838 түлекке сәт-сапар тіледі.

Еске сала кетейік, биыл облыстағы жалпы білім беру ұйымдарын 4331 түлек бітіріп, оның 3166 ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Ал 214 үміткер «Алтын белгіге» тілек білдіріп отырса, 97 түлек үздік аттестат алуға ниетті. Биыл түлектердің тестілеуі Ақмола облысы бойынша, 11 тестілеу бекетінде өткізіледі, оның 8-і облыс аумағында орналасса 3-і Астанада болады.