29 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қостанай облысында найзағай болады, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 17-22 м/с-ға дейін күшейді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысында күндіз желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін жетіп, шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында таңертен және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ДереккөзBaq.kz