Қарағандылық 10 мың маман қайта дайындаудан өтті

«Өңірлік орталықта кадрларды оқыту бағдарламасы даярланып, ол мемлекеттік қызметтен өтудің жалпы жүйесіне ықпалдастырылған. Аталмыш жүйе бойынша әр маманға жеке-жеке көңіл бөлінеді. Сабақтар тренинг, жобаларды дайындау, іскерлік ойындар, пікірталас пен өзге де интерактивті әдіс бойынша өтеді»,-деп хабарлады облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытындағы міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Орталықтың мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұл жерден 14 мың 400 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірген, олардың 9977-сі біліктілік бойынша оқыса, 4445-і қайта даярлау курстарынан өтті.

2017 жылдың бірінші тоқсанында орталық 323 мемлекеттік қызметкерді оқытты. Олардың 237-і біліктілігін жетілдіріп, 86 адам қайта даярланған.

ДереккөзInform.kz