Қызылорда облысындағы 56 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Демалыс күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарын аралап, Сырдария өзені жағалауының су тасқыны қаупі төніп тұрған аумақтарын тікұшақпен бақылады.

Ислам  Әбішевтың айтуынша, 2-16 мамыр аралығында жауын-шашын мол болады деп болжанған. Соның әсерінен судың көлемі ұлғаюы мүмкін. Оның үстіне Қаратаудың басындағы қар ерісе, су деңгейі көтеріле түседі.

— Бүгінде 56 елді мекенге, 357 мың тұрғынға, 84 мың баспанаға, шаруа қожалықтарындағы 247 мың мал басына қауіп төніп тұр. Сондықтан осы қауіптің алдын алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстары комитетімен, Төтенше жағдайлар комитетімен, шаруашылық басшыларымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, қауіптің алдын алу жұмыстарын жұмыла жүргізіп жатырмыз», — деді облыс əкімі.

ДереккөзBaq.kz