Еліміздің 11 әуежайын шетел компаниялары басқармақ

«Олардың көбісі аз активті, қызметі төмен және қайта жаңғырту мен менеджментті жақсартуды қажет етеді. Соған байланысты барлық осындай әуежайларды біріктіріп, сенімді компанияның басқаруына беруді шештік. Нәтижесінде әлемдік әуежайлар менеджементін кәсіби басқарумен айналысатын ірі шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырамыз», — деп атап өтті Бектұров.

Вице-министрдің сөзінше, 4 әуежай коммуналды меншіктен мемлекеттік меншікке өтті. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті бұл компанияларды ұлттық мультимодальды оператордың басқаруына беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Ал басқа әуежайлар бойынша істеліп жатқан жұмыстардың біраз ерекшелігі бар. Оған себеп 3 әуе компаниясы бұрыннан бері «Самұрық-Қазынаның» құрамында. Қалған әуе компаниялары әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы құрамында. Олар да Акционерлік қоғам болып есептеледі. Сондықтан онда жүйе басқандай. Ол туралы мәселелерді де қарастырып жатырмыз,» — деп атап өтті транспорт және коммуникация вице-министрі.

Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істеп тұр, олардың 15-і халықаралық статусқа ие. Ал 11 әуежай мемлекеттің меншігінде.

Дереккөз7kun.kz