Ал олардың атқаратын жұмысы сан түрлі: сізді тіркейтін әуе компаниясы өкілінен бастап жүргізушілер, жүк тиеушілер, арнайы бақылау қызметі, кеденшілерге дейін көптеген сала мамандары ұшақ айлағында өз жұмыстарын жүргізеді.

Air Astana компаниясы бір топ БАҚ өкілдерін жинап, оларға бір күн әуежай қызметкері болу мүмкіндігін ұсынды. Арасында мен де болдым.

Эйр Астана
© Air Astana. Тәлімгерлермен танысу

Алдымен компания өкілдері әрқайсымызға Air Astana-да жұмыс істейтін бір-бір жетекшіден тағайындады.

Air Astana
© Air Astana. Жұмыс күнін талқылау
Air Astana Жұмыс күнін талқылау
© Air Astana. Жұмыс күнін талқылау

Бүгін қанша ұшақтың келетіні, қаншауының ұшып кететіні туралы ақпарат жарияланып, біркүндік жоспарымыз талқыланып, бекітілген соң, жетекшілер бізге әуежай қызметінің қалай жүретіні, нақты не істеу керектігі туралы нұсқаулықтар беріп, жұмысымызды бақылап отырды. Маған жолаушыларды тіркеу қызметі бұйырды.

Air Astana
© Air Astana. Жолаушыларды тіркеу

Осыдан кейін мен жетекшіммен тіркеу орнына барып тұрдым. Міндетім жолға шыққан халықты тіркеу болды.

Air Astana
© Air Astana. Жолаушыларды тіркеу

Келген жолаушыларды «Сәлеметсіз бе! Эйр Астанаға қош келдіңіз! Қайда ұшасыз?», — деп қарсы алып, жүгі болса, оны қабылдап алып, құжатын тіркеп, билетін беріп, сәтті сапар тіледік.

Мұнымен қатар бізге түрлі рейстер бойынша ақпарат лек-легімен келіп түсіп жатты. Осының бәрін игеріп, түсініп, ешкімді шатастырмай, билетті дұрыс тапсырып отыру керек болды.

Air Astana
© Air Astana

Жолаушыларды тіркеу маманы жұмысына өте мұқият, ұқыпты және ісіне сақ болуы керек екен. Халықаралық рейстерге қызмет көрсететін компания өкілінің жауапкершілігі тіпті де үлкен.

Air Astana Жүкті арту
© Air Astana. Жүкті арту, тасымалдау

Ұшқалы тұрған халықтың көңіл-күйі әртүрлі. Біреуі жолға қуанып шығады, енді бірі іссапармен кетіп бара жатыр, тағы бірі ұшудан қорқады. Осы жандардың бәрін жылы жүзбен қарсы алып, құжаттарын дұрыс рәсімдеп, күлімдеп ұшаққа шығарып салсаң, олардың да саған деген, әуе компаниясына деген ниеті түзу болады.

Air Astana. Қосымша ақпарат алу
© Air Astana. Қосымша ақпарат алу
Air Astana
© Air Astana. Тәлімгердің атқарылған жұмысқа баға беруі

Жұмыс соңында жетекшім маған өз бағасын берді. Ал мен жұмыстың оңайы болмайтынына кезекті рет көз жеткіздім.

Ербол Серікбай