2017 жылы алғашқы маусымда ғана айырбастау пунктерінен 2,10 млрд доллар сатып алынса, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,2 есеге аз.
Алайда, елімізде долларды сату да азайған. 2017 жылдың алғашқы үш айында 1,41 млрд доллар сатылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есеге аз. Дегенмен, алғашқы үш айда сатылған рубль көлемі 33,4 млрд рубльді құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5 пайыз өсім көрсетті.
Сонымен қатар алғашқы үш айда сатып алынған еуро көлемі 279,4 млн еуро болса, бұл өткен жылдың алғашқы маусымындағы көрсеткіштен 66,5 пайызға аз.
