Доллар бағамы едәуір төмендеді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, 11 сәуірде 1 АҚШ доллары 311,45 теңгеге теңесті. Кешегі сессиямен салыстырғанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2 теңгеге дейін төмендеп отыр.

Еске сала кетейік, теңге бағамының бұлай нығаюы ең соңғы рет 2015 жылдың 11 желтоқсанында болған еді. Ол кезде, желтоқсанның 10-нан 11-не қараған күні доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 309-дан 311,78 теңгеге көтерілген.

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 55,87 долларға саудаланды. Лондон қор биржасының кешкі сессиясында мұнайдың бағасы 56 доллардан асып, 6 наурыздан бергі ең қымбат көрсеткішке жетті.

ДереккөзEgemen.kz