Жобаның жеңімпазы Гонконг қаласының тумасы Лин Илиан (Sandy Lam) атанса, қазақстандық әнші Димаштан кейін, 3-орынды «Lion» иеленді. Финалдық кезеңде Димаш әнші Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Димаш Құдайберген сахнада барабанда ойнап, көрерменді өнеріне тәнті етті.
Еске сала кетейік, «Singer-2017» реалити-шоуына Қытай эстрадасының жарық жұлдыздары, Корея, Макао, Гонконг, Сингапурдың әншілері қатысады. Ал Димаш Құдайберген — байқаудағы ең алғашқы Қытай мәдениетіне жақын емес ұлт өкілі. Дегенмен жоба арқылы Димаштың атағы әлемге танылды. Ол байқаудың 10 кезеңнен тұратын іріктеу бәсекесінде үш рет І орын алды.