Димаш Құдайберген финалда Майкл Джексонның әнін орындайды

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сай, 12 сәуір күнгі дайындық барысында Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның «Dangerous» сияқты әлемдік хитке айналған бірнеше әнін қоса шырқаған.

Қазіргі уақытта Хунань телеарнасының бас ғимаратына ақтық бәсекеге қызу дайындық жүріп жатыр. Финалистердің фотосуреттеррі ғимарат сыртына ілінді.

Димаш Құдайберген, финалАйта кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Қазақ әншісі 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Еске салайық, аталмыш жобаның финалдық кезеңі 15 сәуірде өтеді.

ДереккөзInform.kz