Басты бет / Жаңалықтар /
Димаш Құдайбергенов, финал

Димаш Құдайберген Singer-2017 жобасында 2-орын алды (Видео)

Жобаның жеңімпазы Гонконг қаласының тумасы Лин Илиан (Sandy Lam) атанса, қазақстандық әнші Димаштан кейін, 3-орынды «Lion» иеленді. Финалдық кезеңде Димаш әнші Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Димаш Құдайберген сахнада барабанда ойнап, көрерменді өнеріне тәнті етті.

Димаш Құдайбергенов, финал«Singer-2017» жобасының финалында тоғыз жұп өнер көрсетті. Ду Лиша (TeresaCarpio) және Пэн Джияхуэй жартылай финалда соңғы орында болғандығы себепті бір жұп болып өнер көрсетіп, қалған сегіз жұппен бәсекеге түспейтін болды.

迪玛希尚雯婕致敬偶像迈克尔 改编《A Tribute to MJ》尖叫值破格 -《歌手2017》第13期 单曲The Singer【我是歌手官方频道】

Еске сала кетейік, «Singer-2017» реалити-шоуына Қытай эстрадасының жарық жұлдыздары, Корея, Макао, Гонконг, Сингапурдың әншілері қатысады. Ал Димаш Құдайберген — байқаудағы ең алғашқы Қытай мәдениетіне жақын емес ұлт өкілі. Дегенмен жоба арқылы Димаштың атағы әлемге танылды. Ол байқаудың 10 кезеңнен тұратын іріктеу бәсекесінде үш рет І орын алды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз

4 Пікір

  1. Қ
    Қонақ 9 жыл бұрын
    Тіптен теріс репертуар таңдалынған.мүлдем ұнаған жоқ, алдыңғы кезеңдеріндегі орындалуынан дым да жоқ. Өтірік быжылдап ШЫҢҒЫРЫП кетті.
  2. Қ
    Құрал Ходжаев 9 жыл бұрын
    Менің ойымша Димашқа дауыс жетпейтін опералық әндерді айту керек немесе октавасы жоғары ән жазып беру керек!
  3. Қ
    Құрал Ходжаев 9 жыл бұрын
    Менің ойымша Димашқа опералық немесе октавасы жоғары ән шығарып беру керек. Қазақша болғаны жақсы болар еді.
  4. К
    Кайрат 9 жыл бұрын
    Бізде оған лайық композитор, продюсер, хореограф, менеджерлер жоқ. Сондықтан оған Мадонна мен Майкл Джексонның продюсерлері сияқты тұлғалармен болып Дүниежүзілік деңгейде жүруі қажет.