12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде, тұман болып, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Астана қаласында солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші 7-12 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С болады.

ДереккөзKazhydromet.kz