11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысында да найзағай болып, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де найзағай болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерінде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Ақмола, Алматы облыстарында желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болжануда, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде тұман байқалады.

ДереккөзInform.kz