Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел соғады

Бүгін тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында жел 15-20, екпіні 25 м\с, күндіз кей жерлерде 30 м/с-ден аса күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с аса күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, тұман болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

ДереккөзBaq.kz