Бүгін — Халықаралық бақыт күні

Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіздер айтады және барлық қалаларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Халықаралық ұйым мүшелері бақытқа ұмтылудың жалпы адамзатқа ортақ сезім идеясына қолдау білдіру мақсатында бұл күнді бақытқа арнады.

Атап өткен жөн, бұл мерекені бекіту идеясы шағын оңтүстіказиялық мемлекет Бутаннан келіп түскен. Өйткені осы елдің халқы әлемдегі ең бақытты адамдар болып есептеледі.

ДереккөзInform.kz