Жандарбек Бекшин ораза қарсаңында үндеу жасады

Жандарбек Бекшин былтыр ауызашар кезінде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп кеткенін еске салды.

Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан еді. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз, — деді қаланың бас санитар дәрігері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Айта кетейік, Алматыда карантин шектеулері жеңілдетілді. Жұмыс күндері сауда орталықтары мен базарлардың қызметіне рұқсат берілді.

Алматы 10 наурыздан бері коронавирус бойынша «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 611 дерегі тіркелді.