Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 255 мыңнан асты

Жаңа дерек әдеттегідей Алматыда көп тіркелді. Қалада өткен тәулікте 611 адамнан коронавирус анықталды. Нұр-Сұлтанда 368, Алматы облысында 255, Батыс Қазақстан облысында 105, Атырау облысында 103 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 37 023 (+611);
Нұр-Сұлтанда – 32 815(+368);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 034(+34);
Павлодар облысында — 19 274 (+54);
Атырау облысында — 19 143 (+103);
Қарағанды облысында — 18 152 (+88);
Ақмола облысында – 15 566 (+52);
Батыс Қазақстан облысында – 15 576 (+105);
Қостанай облысында — 13 962 (+35);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 124 (+20);
Алматы облысында — 14 728 (+255);
Шымкентте — 7 129 (+48);
Жамбыл облысында – 6 515 (+26);
Ақтөбе облысында — 5 729 (+61);
Түркістан облысында – 4 569 (+12);
Маңғыстау облысында — 4 530 (+31);
Қызылорда облысында — 4 159 (+18).

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 255 028-ге жетті, оның 225 256-ы жазылып шықты.

Айта кетейік, бір күн бұрын елімізде 2 054 адамнан коронавирус анықталған еді. Ал 2 сәуірде Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша рекорд тіркелді.