Алматы мен Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа қайта кірді

«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан мен Алматы қайта кіріп отыр. Кеше, 9 наурызда астанада 143, Алматыда 160 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

коронавирус ахуалы, матрица
Иллюстрация: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелді. Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 220 мыңнан асты.