Министр Бағдат Мусин вакцина салдырды

Апта басында вакцина ектірдім. Өзімді жақсы сезінемін. P.S. Фотоны бұлыңғырлап, қайта орналыстырдым, — деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, Instagram).

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  қандай инфекцияға қарсы және қай компанияның вакцинасын салдырғаны туралы ақпаратты жазбады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Спутник V» вакцинасын ектірді.

Кейіннен Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдырls.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус туралы тағы да үндеу жасады.