Басты бетҚоғамБердібек Сапарбаев...

Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырды

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы QazCovid-in вакцинасы жаппай қолдануға ұсынылатына үмітті.

Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты қазақстандық вакцинаны да әзірледі. Клиника зерттеулерінің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсетті және кесірі болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиника зерттеулерінің үшінші кезеңі басталды. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімімен бірге Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

Еске салайық, 19 желтоқсаннан бастап Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасын сынаудың үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.