Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram-каналында хабарлады.
Ерікті вакциналауға екпеге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцина салынбас бұрын дәрігер міндетті түрде тексеруден өткізеді.
Алматыға 31 қаңтарда ресейлік «Спутник V» вакцинасының 2 050 дозасы жеткізілген еді. Қазіргі уақытта препараттар вакцинация жүргізетін емханаларға бөлінді.
Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналау басталды. Бұған дейін елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина салдырғаны хабарланды.