Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның портреті бейнеленген ақша шығарылады

Бұл идеяны бастаған орта мектептің оқытушысы Хасанбой Асадов екен. Оның сөздерінше, бір жыл бұрын президенттің бейнесі бар жаңа купюраның эскизін дайындап Ұлттық банк пен президент әкімшілігіне жіберген.

Осыдан кейін Асадов Ұлттық банк пен президент әкімшілігінен ұсынысы үшін алғыс хат алған.

Эмомали Рахмон биыл қазан айында бекітілген елдің жаңа конституциясына сәйкес, Тәжікстанның тәуелсіздігін қалаушы ұлт лидері болып жарияланды. Елде Ұлт лидерінің арнайы қоры құрылады.

Айта кетейік, елімізде 15 қараша — Ұлттық валюта күнінде Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюра таныстырылған еді. 

ДереккөзCentral Asian