Қызылорда өңірінде жедел жәрдемді шақырту азайды

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел жәрдем шақыртулары тәулігіне 2500-ден асып, жүктеме екі есе артқан. Дегенмен қазіргі уақытта ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны азайған.

Маусым айында жедел жәрдемді шақырту шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7% азайған. Кейінгі 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақыртудың саны 39% төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайы 82,5%, пневмония жағдайы 60% төмендеген.

Пневмониямен шақыру көп кезінде науқастардың 85%-і стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3%-і тасымалданып, жатқызу көрсеткіші 79,3% болып отыр. Бұл ауыр түрдегі науқастар санының азайғанын байқатады.

Вице-премьер жедел жәрдем станциясының оператив іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі сall-орталықтың жұмыс процесін бақылады. Әрбір қоңырауға жауапты әр диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген. Қазіргі уақытта вирус басылған кезде шұғыл қоңыраулар азайған. Шақырту көп кезде 1-3-санат бойынша бір жедел жәрдем тобына 30-35 шақырту болса, қазір тәулігіне 16-18, 4-санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырту орындалып отырған.

Жедел жәрдем қызметінің науқастарға уақытылы жетуін іске асыруда жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтар көмек беріп жатыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша 161 мобильді бригада жұмыс істейді.