Қазақстанда пневмониямен ауыратын 45 мың науқас ем алып жатыр

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері 234 187 адам пневмонияның түрлі түрімен ауырған.

Кейінгі 20 күнде 63 491 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгінде 45 мың пациент емделіп жатыр, — деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингінде.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусты барлығы 76 799 адам жұқтырды, аурудан 48 220 адам айықты.