Құрметті жерлестер! Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін COVID-19-ды анықтау мақсатында жасатқан тест оң нәтиже берді. Бұған шектеулерге қарамастан көп адаммен тығыз байланыста жүргізген жұмыстар әсер етті деуге болады, — деп жазды әкім.
Ермақ Сәлімов бүгіннен бастап өзін өзі қатаң оқшаулайтынын жазды.
Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық семейлікті сақтық шаралары мен санитария ережелерін сақтауға үндеймін. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, — деп жазды ол.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жұқтырды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан жазылды.