Ауырып қалдым, бірақ өзімді жақсы сезінемін, симптомдары байқалмайды. Бұл COVID-19, бірақ симптомсыз түрі. Қашықтан жұмыс істеуді жалғастырамын, өйткені ауыратын уақыт жоқ, — деді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұқтырды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан жазылды.